Зейнетақы жинағын жеке компаниялардың басқаруына кімдер бере алады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова зейнетақы жинағын жеке компаниялардың басқаруына кімдер бере алатынын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазірдің өзінде БЖЗҚ салымшыларының бір бөлігі өздерінің зейнетақы жинағының бір бөлігін Ұлттық банктен айырмашылығы бар басқарушы компанияларға бере алады. Бірақ бұл мүмкіндік зейнетақы жинағының жеткіліктілік шегі белгіленген лимиттен жоғары салымшыларға ғана беріледі», - деді ол брифингіде.

Сондай-ақ, Ұлттық банк басшысының орынбасары заңнамаға түзету енгізілу мүмкін екенін айтты.

«Қазір мемлекеттік органдармен бірлесіп заңнамаға түзетулер енгізу мәселесін талқылап жатырмыз. Ол түзету бүкіл салымшыларға өздерінің зейнетақы жинағының 50 пайызынан аспайтын мөлшерін жеке басқарушы компанияларға беруіне мүмкіндік туғызар еді. Бұл жоба қазір қаралып жатыр. Биыл осындай мүмкіндік болады деп отырмыз», - деді Әлия Молдабекова.

Айта кетейік, Ұлттық банктің ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені 16,75% деңгейінде қалдыру жөнінде шешім қабылдады.


Соңғы жаңалықтар
telegram