Зейнетақы жинағын жеке компанияларға беру: Құжатты Парламент қашан қарайды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова ел азаматтарының Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы жинақтарының 50 пайызын жеке компанияларға басқаруға беруге қатысты Мәжіліс депутаттарының сауалына жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекет басшысы 2022 жылғы 12 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (бұдан әрі – БЖЗҚ) салымшыларының өз зейнетақы жинақтарының 50 пайызына дейін жеке басқаруға беру жөніндегі құқықтарын кеңейту бөлігінде тапсырма берді. «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Мемлекет басшысының 2022 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының 66-тармағында жеке компанияларды зейнетақы активтерін басқаруға тарту мүмкіндігін көздейтін БЖЗҚ-ның тиімді инвестициялық стратегиясын әзірлеу бойынша шаралар қабылдау көзделген», - деп атап өтеді агенттік төрағасы.

Оның атап өтуінше, аталған тапсырмаларды орындау аясында агенттік БЖЗҚ-ның барлық салымшыларына ең төменгі жеткіліктілік шегінің болуына қарамастан өздерінің зейнетақы жинақтарының 50 пайызына дейін жеке басқаруға беруге мүмкіндік ұсынуды көздейтін тиісті заңнамалық түзетулер әзірлеп, оларды Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің жобасында іске асыру үшін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жіберген.

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2022 жылға арналған жоспарына сәйкес, Әлеуметтік кодекстің жобасын Қазақстан Республикасының Парламентіне енгізу 2022 жылғы желтоқсанға жоспарланған», - деді Мәдина Әбілқасымова.

Бұған дейін зейнетақы жинағының 50 пайызын жеке компанияларға аудару мүмкіндігі жасалатындығы туралы хабарладық.


Соңғы жаңалықтар