Зейнетақы жинақтарының белгілі бір бөлігін қарыздарды төлеуге пайдаланса болар еді - Кaspi bank өнімдерін басқарушы

АЛМАТЫ. Наурыздың 4-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Зейнетақы жинақтарының есебінен азаматтарға қарыздарын төлеуге мүмкіндік беру керек.
None
None
Оны Кaspi bank өнімдерін басқарушы Жанарбек Азаматов осы мәселеге байланысты өз пікірін білдірген кезде мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.«Зейнетақы жинақтары қарызды төлеуге пайдаланылса, жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Ол қарыз алушылардың мүмкіндігін кеңейтіп, банк клиенттерінің қатарын көбейтуі мүмкін. Бірақ, мұның әлеуметтік астары да бар. Кез келген адамның қартайған шағында зейнетақы жинағы болуы тиіс. Бұл үлкен мәселе, сондықтан ол жағын үкімет ойластыруы керек. Ол үшін алдымен ең төменгі күн көріс деңгейін белгілеп, зейнетақы жинақтарынан несие төлегенде алуға болатын сома мөлшері анықталуы тиіс», дейді Жанарбек Азаматов. Оның сөзіне қарағанда, егер мұндай шектеу қоймай барлық жинақтарды пайдалануға жол берсе, бұл айтарлықтай қауіпті. Дегенмен, зейнетақы жинақтарын қарыздарды төлеуге пайдалану шарасы екі жақты да табысқа әкелетін пайдалы әріптестікке айналуы мүмкін.
Соңғы жаңалықтар