Зейнетақы жүйесін жаңғыртуды бүгін шешпесек, ертең кеш болады - З. Балиева

АСТАНА. 17 сәуір. ҚазАқпарат - Зейнетақы жүйесін жаңғыртуды бүгін шешпесек, ертең кеш болады. Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» заң жобасын талқылау барысында депутат Зағипа Балиева осылай мәлім етті.
None
None

«Парламент те, Үкімет те заманымыздың қатерлеріне лайықты жауап қатуы керек. Осы тұрғыдан алсақ, зейнетақыны жаңғырту қазіргі замандағы қатер болып табылады. Біз ертеңгі күні қаражат жетпей, зейнетақы төлемдеріне қаржы таба алмай қалмас үшін, бүгін осындай қадамдарға баруымыз керек. Біз бүгін осы мәселені шешпесек, онда ертеңгі күні «біз неге олқылықты уақытында шешпедік, неге зейнетақы төлеуге мүмкін болмайтын шараларды жіберіп қойдық?» деген сауалдарға жауап іздейтін боламыз », деді депутат Зағипа Балиева.

Соңғы жаңалықтар