Зейнетақыны есептейтін сайт ашылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қырғыз елінде зейнетақы мөлшерін есептеп беретін сайт ашылды. Бұл туралы «Нәтиже» қоғамдық бірлестігінің директоры Жұлдыз Төралиева мәлім етті.

Зейнетақыны есептейтін сайт ашылды

«Халықтың зейнетақы туралы сауатын арттыру мақсатында pensia.kg сайты іске қосылды. Порталда зейнетақы мөлшерін есептейтін арнайы есеп құралы бар. Кез келген адам өзінің болашақта алатын зейнетақысының мөлшерін есептей алады», - дейді Ж.Төралиева.

Оның айтуынша, сайт қолданушылары зейнетақысын есептеп қана қоймай, аталған сала мамандарына сұрақтарын қойып, қажетті кеңес ала алады, деп жазады kyrtag.kg.