Зейнетақының 25 пайызға артуы халыққа үлкен қолдау болып отыр-зейнеткер пікірі

АЛМАТЫ. Қаңтардың 9-ы. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Әлемдік қаржы жүйесіндегі қиындықтарға қарамастан Елбасы мен Үкіметтің әлеуметтік салаға үлкен көңіл бөліп, зейнетақы мен шәкіртақы, әлеуметтік көмекті 25 пайызға арттыруы халыққа үлкен қолдау болып отыр.
None
None
Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне қазақ журналистикасының, Ұлы Отан соғысының ардагері Бисұлтан Аманғалиев айтты.83 жастағы ардагердің айтуынша, Ұлы Отан соғысының мүгедегі, зейнеткер ретінде бұған дейін 40 мың теңге көлемінде зейнетақы алған. «Өмір бойы қалам ұстаған зиялы қауым өкілі ретінде дәрі-дәрмек, күнделікті ас-судан бөлек газет, кітап сатып алып оқу әдетім. Бұл да біраз қаржы талап етеді.Сондықтан биылғы 25 пайыздық қосылған қаржы үлкен көмек болып отыр. Елбасына зейнеткерлер алғысы шексіз», дейді еңбек ардагері.
Соңғы жаңалықтар