Зейнетақының болашақта өсуі экономикалық ахуалға байланысты болады - Г.Әбдіқалықова

АСТАНА. 8 маусым. ҚазАқпарат - Зейнетақының болашақта өсуі экономикалық ахуалға байланысты болады. Бүгін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен «Бас редакторлар клубы» қоғамдық бірлестігі арасында ынтымақтастық меморандумына

Зейнетақының болашақта өсуі экономикалық ахуалға байланысты болады - Г.Әбдіқалықова

қол қою барысында министр Гүлшара Әбдіқалықова осылай деді.

«Соңғы жылдары біз зейнетақыны өте жақсы көтердік, екі мәрте 25 пайыз, одан кейін 30 пайызға арттырдық. Ағымдағы жылы зейнетақыны индекстеу жүргізілуде. Барлығы да экономикалық ахуалға тәуелді болады», - деді ол.

Бұл ретте министр зейнатақыны шамадан тыс әрі жиі көтеру коммуналық қызметтердің, азық-түліктің бағасының шарықтауына түрткі болатындығын естен шығару қажеттігін баса айтты.

«Бұл мәселеде біз барынша абай боламыз. Орын алып отырған проблемаларды тыңғылықты сараптай отырып, ұсыныстар әзірлейміз. Әрине өсім инфляциядан төмен болмайды, яғни инфляция өсіміне қарай әрқашанда да өсіру болады», - деді Г.Әбдіқалықова.