02:06, 29 Шілде 2015 | GMT +5
Зейнетке шыққан соң көлік жүргізуді бірден доғарса не болады?
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ зерттеушілері қызық тұжырым жасады. Олардың айтуынша, жасы келіп қалған адамдардың көлік айдауды бірден доғармағаны жөн. Себебі бұл олардың денсаулығына кері әсер етуі ықтимал.

Зерттеуге 65 жастан асып, одан әрі көлік жүргізуді доғаруды ұйғарған зейнеткерлер қатысқан. Ақыры темір тұлпар тізгініне отыруды бірден қойып кеткен қарттар күйзеліске ұшырайтыны анықталды. Ал сол кезде белсенділік жоғалтпай, көлік айдауын жалғастыра берген зейнеткерлер өздерін күйлі-қуатты сезінген, деп жазады informing.ru.
Ауруханаға жиі түсетіндер де алғашқы қатардағылар болған. Мамандардың айтуынша, көлік айдау қарттарға өзіндік еркіндікті береді екен. Ал оны қойған кезде зейнеткердің психологиялық, физикалық жағдайы күрт нашарлайды, деп жазады 24.kz .