Зейнеткер 2 келі алтынды Қытайға алып өтпек болған

АСТАНА. ҚазАқпарат - РФ Забайкальск өлкесіндегі Первомайск кентінде тұратын зейнеткер ел аумағынан екі келі алтынды шығаруға әрекет жасағаны үшін шартты түрде төрт жылға бас бостандығынан айырылды.

Зейнеткер 2 келі алтынды Қытайға алып өтпек болған

Забайкальск аудандық соты осындай шешімді қабылдады, деп хабарлады дүйсенбіде өңірлік ФҚҚБ баспасөз қызметінен.

«Ер адам ірі көлемдегі бағалы металды жасырын сақтағаны және тасымалдағаны және оны конрабандалық жолмен РФ шекарасынан алып өтпекші болғаны үшін айыпты деп танылды. Шартты жазаны тағайындауда зейнеткерлік жасы ескерілді»,- деп қосты ФҚҚБ-дан.

Ведомствоның хабарлауынша, қартты 20 наурызда Қытаймен шекарадағы Забайкальск өткізу пунктінде ұстаған. Оның көлігін тексеру кезінде жалпы құны 2,5 млн. рубль болатын алтын құйма оралған үш орама табылды.