Зейнеткер 20 жыл тынбай еңбектеніп, ғажайып тропикалық орман өсірді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ник Уилсон 90-ыншы жылдарда Англияның ең әсем жерлерінің бірі - Корнуолл графтығында отбасымен  демалған шағында сондағы өсіп тұрған тропикалық өсімдіктерге қатты қызыққан. 

Соңынан өз үйінің маңында өсіруге бел буады. Ол жиырма жылдың ішінде 1, 2 млн доллар жұмсап, өз мақсатына жетті.

«Маған тропикалық өсімдіктерді өсіруге 20 жыл уақыт кетті. Қазір мұнда сан алуан қырыққұлақтар (папоротниктер) бамбуктар және  үлкен жапырақты өсімдіктер баршылық», - дейді Ник Уилсон.

Бақты көркейтіп тұрған өсімдіктер аса сирек те кездеспейді. Бұларды Ұлыбританияның кез келген бақ орталықтарынан кездестіруге болады. 

Зейнеткер жунглиін көруге тілек білдірген жандарды қуанышпен қарсы алады. Тек аздап, ақша алатыны болмаса. Бірақ ол барлық төлемдерді түрлі қайырымдылық қорларына береді.

Соңғы рет ғажайып бақты 500 қонақ аралаған. Бұдан 3,2 мың доллар түсті.

 Жунглиді ұстап тұруға жыл сайын шамамен 257 доллар жаратылады.

Тропикалық өсімдіктер қысқы суыққа да төзімді. Никке бұл маусымда тек кейбірін ғана қымтауына тура келеді. Ал аяз буған шақтарда үйіне кіргізеді.

Оның зайыбы ерінің бұл ісіне қолдау білдірген әрі өз үйлерінде тропикалық орман барлығын мақтан тұтады.

 

Соңғы жаңалықтар