Зейнеткер 700 мың теңге қарызын қайтармаған бойжеткеннің көлігін айдап кеткен

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында полиция қызметкерлері бойжеткеннің көлігін айдап кеткен зейнеткерді ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Затон полиция бөліміне келген18 жастағы бойжеткен арыз түсірген. Өз сөзінде ол түс кезінде бейтаныс ер адамның «700 мың теңге қарызыңды қайтармағаның үшін» деп көлігін айдап кеткенін жеткізді.

«Жедел-іздестіру шараларын жүргізген криминалдық полиция қызметкерлері 65 жастағы ер адамды қолға түсірді. Күдікті бірден полиция бөліміне жеткізілді», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 389-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.


Соңғы жаңалықтар