Зейнеткер әлеуметтік қорғау қызметкерлерін гранатамен қорқытып, тиісті ақшасын беруді талап етті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Челябі қаласы Ленинск ауданының әлеуметтік қорғау басқармасына келген егде жастағы әйел қолына гранатаға ұқсас затты ұстап, төлемдерді талап еткен, деп хабарлады «Интерфакс».

Зейнеткер әлеуметтік қорғау қызметкерлерін гранатамен қорқытып, тиісті ақшасын беруді талап етті

«Әлеуметтік қорғау басқармасы қызметкерлерінің сөзіне қарағанда, зейнеткер гранатаға ұқсас затпен қорқытып, төлем төлеуді талап еткен. Бұл таңертең сағат 9.30-да болған. Полиция қызметкерлері болған оқиғаның мән-жайын, сонымен қатар әйелдің дүйсенбіде қайта келіп, мекемені жарамын деуін анықтап жатыр», - делінген хабарламада. Мұндай әрекетке барған зейнеткердің кім екендігі белгілі болды.