Зейнеткер әйел есеп беруге келген әкімдерге тосаптар таратты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Саяжайда тұратын зейнеткер әйел Орал қаласы әкімінің есебіне шағым емес, алғыс айтуға келген, деп жазады "Мой ГОРОД" порталы.

Зейнеткер әйел есеп беруге келген әкімдерге тосаптар таратты

Зейнеткер Зоя Скачкова әкімнің жергілікті тұрғындармен кездесуіне көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Ол алғашында қала басшылығының жұмысы оңай еместігін айтып, кейіннен өз өмірін баяндады. Содан соң әкімдерге саяжайлық маусым кезінде өзі әзірлеген тосаптардан таратты.

Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгінов есептік кездесудің «Поле чудес» бағдарламасына ұқсап бара жатқаны туралы қалжыңдады.

Зейнеткер әйел қала басшысы Нариман Төреғалиевтің шара барысында қайта-қайта жөтелгенін байқап, оған тезірек сауығып кетуді тіледі.

Айта кетейік, Орал қаласы әкімінің есептік кездесуі жөнінде бұған дейін хабарлаған болатынбыз. Нариман Төреғалиев биыл шаһарда  8 млрд. теңгеге 50 шақырымнан астам жол жөнделетінін, 10 жаңа үй бой көтеретінін , ал апаттық үйлер мәселесі біртіндеп шешілетінін айтты . Сондай-ақ 2017 жылы Оралда 900 млн. теңгеге 38 аула аумағын абаттандыруға жобалар жасалды.