Зейнеткер электршіден Пикассоның 270-тен астам туындысы табылды

АСТАНА. 29 қараша. ҚазАқпарат - Атақты суретші Пабло Пикассоның ұлы әкесінің қолында бірнеше жыл бойы электрші болып жұмыс істеген зейнеткерді сотқа берді.

Зейнеткер электршіден   Пикассоның  270-тен астам   туындысы     табылды

Шағымданушының айтуынша, әлгі зейнеткер, кезінде электрші болып жұмыс істеп жүрген кезінде шебердің құны 60 миллион еуроны шамалайтын 270-ден астам жұмысын өзіне алып алған, деп жазады Utro.ru сайты.

Әкесінің бұрындары белгісіз болып келген суреттері мен жазбаларынан тұратын бұл «қазына» туралы Клод Пикассо қыркүйек айында ғана білген. Аталмыш туындылардың төлтумалығын растайтын сертификат сұрап келген француздық ерлі-зайыптының отағасы суретшінің бұрынғы электршісі болып шыққан.

Бұрынғы электрші, қазір зейнетте жүрген Пьер Ле Геннектің айтуынша, барлық туындыларды, суретшінің өмірінің соңғы үш жылында оның үйлері мен виллаларында қызмет еткен оған мэтрдің өзі тарту еткен. Бірақ та Пикассоның мұрагері бұған сенбей отыр. Оның айтуынша, бүкіл өмірін сарп еткен мұншалықты туындыны әкесінің «көлденең көк аттыға» ұстата салуы екіталай.