Зейнеткер каратэші өзіне тарпа бас салған аюды есінен тандырды

АСТАНА. ҚазАқпарат -  Жапондық  Яманаси қаласында  68 жастағы каратэші Хирохито Миягава өзіне тарпа бас салған аюға тойтарыс берді. 
None
None

Бұл туралы 1 тамызда, сейсенбіде FNN телеарнасы хабарлады.

Жыртқыш  шабуылдаған кезде  Миягава егістікте жұмыс істеп жатқаны атап өтіледі. Ер адамның пікірінше, аюдың бойы 1,6 метр болған. Жыртқыштың жақындағанын байқаған жапондық оған аяғымен бірнеше рет соққы жасады.  Каратэ бапкері болған зейнеткер өз тәсілдерін қолданған.

  Миягаваның айтуынша,  бұдан кейін есін жия алмаған жыртқыш қарсы келе алмай, тау жаққа қашып кеткен.  

Соңғы жаңалықтар