Зейнеткер қарулы қарақшының банкті тонауына жол бермеді

АСТАНА. 20 қазан. ҚазАқпарат - Австрияның Санкт-Эгиден-ам-Штайнфельд қаласындағы банк қызметкерлері 82 жастағы зейнеткерге дән риза.
None
None

Ол қарулы қарақшының банкті тонауына жол бермеді, деп жазады Алаш айнасы.

The Daily Telegraph-тің хабар­лауын­ша, ғимаратқа бетперде киген, тапаншамен және жарылғыш затпен қаруланған ер адам кіріп, кассирден ақша талап еткен. Сол кезде қария Герта Валликер қарақшыға тап беріп, оны соққының астына алады. «Егер ақша керек болса, жұмыс істе, жал­қау сайтан!» деп айқайлаған зейнет­кер жігіттің бетпердесін жұлып алып, оның қолындағы қаражатын жерге шашып тастайды. Бейнебақы­лау қондырғысына түсіп қалудан қорық­қан қарақшы бәрін тастап, оқиға орнынан қашып кетеді. Поли­цейлер қарияның батылдығына риза болып отыр. Ал журналистерге сұхбат берген Валликер мұндай тәуекелге әділетсіздікке төзбейтін­діктен барғанын айтты. «Мен айына 800 евро зейнетақы аламын. Бұл - менің өмірбойғы маңдай терімнің табысы. Халықтың адал ақшасын әлдекімнің тегіннен тегін тартып алғысы келгені менің ашуымды туғызды», - дейді ол.

Соңғы жаңалықтар