Зейнеткер комадан шыққан соң басқа тілде сөйлей бастады

АСТАНА. 5 қаңтар. ҚазАқпарат - 81 жастағы британдық Алан Морган 3 апта бойы ауруханда жатқан. Алайда ер адам комадан шығып, есін жиған соң өзінің де, дәрігердің де таңқалуында шек болмады. Ол есін жиған соң басқа тілде, валиий тілінде сөйлей бастаған.

Зейнеткер комадан шыққан соң басқа тілде сөйлей бастады

Онымен бірге британдық өзінің туған тілін мүлдем ұмытып қалған.

- Мені инсульт алған соң ауруханаға жатқызды, комаға түстім. Есімді жиып, тілге келген сәтімде дәрігерлермен тілдекспек болдым, алайда мені ешкім түсінбеді. Мен қатты таңқалдым, - деді ол.

Тек бірнеше күн өткен соң ғана дәрігерлер бұл қызықты әрі түсініксіз жағдайдың себептерін түсіндірген. Анықталғандай, ер алам афазияға (бас мидың сөйлеу қыртыстарының (қабаттарының) органикалық зақымдалуы кезінде ауруға шалдығу) шалдыққан. Дәрігерлердің сөзіне қарағанда, ер адам бұл жағдайға инсульттың салдарынан тап болған.

- Біз аурудыңосындай күйде пайда болғанына таңқалып отырмыз. Негізінен Аланның жағдайы өте сирек кездеседі, - деді дәрігер.