Зейнеткер құны 15 млн еуро болатын Леонардо да Винчидің туындысын тауып алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Белгісіз зейнеткер аукцион үйіне әкелген бірнеше туындының арасынан әулие Себастьянның бейнесі де болды.
None
None

Парижде құны 15 миллион еуро деп бағаланған Леонардо да Винчидің туындысы табылды.

The Telegraph газетінің жазуынша, өзін аноним етіп көрсетуді өтінген дәрігер-зейнеткер Орталық Францияда өмір сүрген әкесіне тиесілі бірнеше көркемсурет туындыларын Tajan аукцион үйіне әкелген. 15 суреттің арасынан бәссауда үйінің қызметкері Тадди Прат ағашқа байланған әулие Себастьянның бейнесін көрген.

Белгілі болғандай, сурет тушьпен салынған. Сараптама бойынша, суреттің 1482-1485 жылдарға және Леонардо да Винчиге тиесілі екені анықталды. 

Соңғы жаңалықтар