Зейнеткер өліп қалған жолаушысын 2 мың шақырым бойы көлігінде алып жүрген
Томплинсонның айтуынша, қасындағы 31 жастағы жолаушысының қайтыс болғанын ол орта жолда бір-ақ сезген. Зейнеткер әйелдің шамамен Оклахома, Техас штаттарында маңына келгенде жан тапсырғанын айтты. Бірақ ол сапарын әрі қарай жалғастырған.
Таңқаларлығы, полицейлер оған еш айып тақпады, зейнеткердің әрекеті түсініксіздеу болғанымен, әйел адам күштеп өлтірілмеген. Оның қайтыс болу себебі дәріні мөлшерден тыс қабылдауынан орын алуы мүмкін деген болжам бар. Табылған кезде әйелдің қаза тапқанына кемінде 24 сағат болғандығы анықталды. Айта кетейік, наурыз айының ортасында осыған ұқсас оқиға Франция теміржолында орын алған еді. Өткелдердің бірінде жүрдек пойыз велосипедшіні басып кеткен. Машинист оны байқамай, алдына ілініп қалған мәйітпен 40 шақырым жолды жүріп өткен. «Біз жол қатпарындағы жүргіншіні көре алмаймыз. Егер кімде-кім пойыз астына түссе, біз ештеңе жасай алмаймыз. Өйткені бұл пойыз. Оны тоқтату үшін 100 метр қашықтық та жеткіліксіз», - деді жүргізуші. Бұл оқиғадан кейін тергеу жүргізілді, сарапшылар бұл өлімнің кездейсоқтық па, әлде өз-өзіне қол салу ма, соны анықтауы тиіс болды.