12:55, 27 Тамыз 2015 | GMT +5
Зейнеткер шалт қимылдап, қарақшылардың тапаншасын тартып алды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Владивостокта зейнеткер өзіне шабуылдаған ұрыларға қарсылық көрсете білді. Ол қаскүнемдердің қолынан қаруын тартып алып, олардың біреуін полиция келгенше жібермей, ұстап тұрған.

Бұл туралы Ресей ІІМ Приморский өлкесінің басқармасы хабарлады.
Тергеу анықтағандай, қызара бөртіп алған 18 жастағы екі жергілікті тұрғын зейнеткердің жағасынан алып, ақша талап еткен. Ер адам бұдан бас тартқанда олардың бірі тапаншасын суырып алып, қорқытқан.
Зейнеткер шалт қимылдап, өзін-өзі қорғау тәсілдерін қолданып оның қолынан қаруды жұлып алды. Қарақшылар болса, тұра қашқан. Бірақ, ер адам оларды арттарынан қуып жетіп, біреуін ұстап үлгерді. Екінші күдіктіні полицейлер ұстады.
Жәбірленуші зейнеткерлікке шыққанға дейін ішкі істер органдарында қызмет еткен болып шықты.