Зейнеткер желінбеген пасха жұмыртқасын 65 жыл бойы сақтап келеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлыбританияның Донкастер қаласының тұғрыны 71 жастағы зейнеткер Морин Харрисон 65 жыл бойы желінбеген пасха жұмыртқасының иесі атанып отыр, деп хабарлады шетелдік БАҚ.
None
None

Аталған жұмыртқа сонау 1940 жылы сол кездегі Чехословакияда дайындалып, түрлі түсті боямен әрленген болатын. Жұмыртқаны М.Хариссонға 6 жасында сыйға тартқан әжесі оған жұмыртқаны жесе ауырып қалатындығын айтқан көрінеді. Осы сөзден кейін қорқып қалған қыз жұмыртқаны сөреге қойып, еш уақытта да жеуге ниет танытпаған. Осылайша, жұмыртқа 65 жыл бойы сақталып келеді.

«Жұмыртқа ұзақ өткеннен кейін әлі де дәмділігін сақтап отыр деп ойламаймын. Оның сынып қалмағанына не болмаса бөлінбегеніне таң қаламын. Мен оның қанша жыл сақталғанын айтсам адамдар таң қалады. Тіпті кейбіреулер оның әлемдегі ең көне пасха жұмыртқасы болуы мүмкін екендігін де айтты. Әлі күнге дейін оны қауіпсіз жерде сақтап келемін. Өйткені, ол мен үшін өте қымбат дүниеге айналып отыр», - деді М.Хариссон.

Соңғы жаңалықтар