Зейнеткерден қызыл кітапқа енгізілген 13 ақсұңқар тәркіленді

АСТАНА. 25 желтоқсан. ҚазАқпарат - Ресейдің Камчатка аймағының полицейлері аймақтық ФҚҚБ-дағы әріптестерімен Красноярск аймағының екі тұрғынын ұстады.
None
None

Олардан 13 ақсұңқар тәркіленді.

Камчатка аймағы бойынша ІІМБ баспасөз қызметінен хабарлағандай, осыған дейін істі болмаған 1962 жылы туған зейнеткер мен 1986 жылы туған жұмыссыз азамат құстарды Петропавловск-Камчаткадағы гараждардың бірінде ұстаған.

«Құстар орнитолог пен ветеринарға тапсырылды, олар қанаттыларды қарағаннан кейін құстардың нешеуін бірден босатып жіберуге болатынын айтады. Қастандық жасаушылардан тұсамыс, инсулин шприцтер мен құстарды қимылсыз қалдыратын медициналық препараттар тәркіленді», - деп атап өтті полиция қызметкерлері.

Ұсталғандар уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды, оларға қандай жаза қолдану керектігі шешіліп жатыр, деп хабарлады РБК.

Соңғы жаңалықтар