Зейнеткерді шүріп бұрағышпен қорқытып, тонап кеткен күдікті ұсталды

АСТАНА. 28 наурыз. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласының 63 жастағы зейнеткеріне қарақшылық шабуыл жасаған күдікті ұсталды. Бұл туралы бүгін ҚР ІІМ  Тіл саясаты және ақпарат департаментінің бастығы Нұрділдә Ораз мәлім етті.

Зейнеткерді шүріп бұрағышпен қорқытып, тонап кеткен күдікті ұсталды

«Қызылорда облысының полицейлері жедел іздестіру және арнайы іс-шаралар өткізіп, ағымдағы жылдың наурыз айының басында 63 жастағы қала тұрғыны -  әйел адамның үйіне қарақшылық шабуыл жасаған деген күдікпен іздеуде жүрген 29 жастағы жергілікті тұрғынды қолға түсірді», - деді Н.Ораз.

Ресми өкілдің атап өтуінше, күдікті алдын ала сыбайласымен келісіп, жәбірленушінің үйіне баса-көктеп кірген. Жәбірленушінің қолын ноутбуктың шнурымен байлағаннан кейін, шүріп бұрағышпен қорқытып, сейфті ашқызған. Одан 149 мың теңге мен алтын бұйымдарды  алып кеткен. «Ұсталған жігіт қамауға алынды, оның сыбайласы іздестірілуде»,- деді ол.