Зейнеткердің асқазанынан 150-ден астам шеге табылды

Бір таң қаларлығы, егде әйелдің ішкі органдарына зақым тимеген. Бурятияның Иволгин ауданының 74 жастағы тұрғыны республикалық клиникалық аурухананың қан тамырлары орталығына жеткізілген. Фиброэзофагогастродуоденоскопиялық тексеру кезінде дәрігерлер науқастың асқазанында темір-терсекті көріп, таң-тамаша болған.
«Ұзын шегелер, бұрама шегелер, болттар, гайкалар, 15 см болатын арматура кесінділері, тіпті 925 сынамалық күміс алқа да табылды. Жалпы, науқастың асқазанынан 152 металл зат алынды. Олар тотыға бастаған еді. Демек, олардың қашаннан бері науқастың асқазанында жатқанын өзінен басқа ешкім білмейді», - дейді аталған емхана дәрігерлері.
Еске сала кетсек, бұған дейін Үндістанда психикалық ауытқуы бар науқастың асқазанынан 600 шеге алынғанын хабарлаған едік .