Зейнеткерлер мінген автобус апатқа ұшырады - үш адам ажал құшты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Аргентинадағы Кордова провинциясында турист-зейнеткерлер мінген автобус апатқа ұшырады.

 Зейнеткерлер мінген автобус апатқа ұшырады - үш адам ажал құшты

3 адам қаза тауып, 36-сы жарақаттанды. Бұл туралы жергілікті БАҚ хабарлайды.

Оқыс оқиға жексенбі күні Кламучита таулы алқабында орын алды. Зейнеткерлер мінген туристік автобус курортты қала Санта-Роса-де-Каламучитаға бара жатқан кезде, көпірлердің біріне таяу жерде аударылған. Зардап шеккендер жергілікті ауруханаларға жеткізілді. Олардың алтауы ауыр жағдайда. Полиция апаттың себеп-салдарын тексеруде. Автобус жүргізушісі ұсталды. БАҚ ақпаратына қарағанда, тежегіш істен шыққан.