Зейнеткерлерге төленетін зейнетақы қаражатын әкеле жатқан автобус тоналды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Солтүстік Осетиядағы Ардон ауданында белгісіз біреулер ақша әкеле жатқан шағын автобусты тонап кеткен.
Күзеті жоқ көлікте зейнетақы төлемдеріне арналған 12 млн. рубль болған, деп хабарлады республикалық ІІМ өкілі Алла Ахполова.
«Сағат күндізгі 11.00-лер шамасында Кадгарон елді мекенінде Киров ауданына зейнетақы төлеміне арналған ірі көлемдегі қаражатты әкеле жатқан Nissan шағын автобусына қарақшылық шабуыл жасалды, - деді Ахполова - Белгісіз біреулер жүргізушінің жолын жауып, қарумен қорқытып, ақшаны алып кеткен».
ІІМ өкілінің айтуынша, полиция қызметкерлері зейнетақы төлемдерінің неліктен арнайы күзет қызметкерлерінсіз тасымалданғанын тексеріп жатыр