13:45, 17 Сәуір 2013 | GMT +5
Зейнеткерлеріміз 15-20 жылдан кейін қарттық өмірдің қамтамасыз етілгеніне сенімді болуы үшін кездесуі мүмкін қиындықтарды бүгін шешуіміз керек - О.Асанғазы
АСТАНА. 17 сәуір. ҚазАқпарат - Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында палата депутаттары «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» заң жобасын талқылады.
Халық қалаулысы Оразкүл Асанғазының айтуынша, 15-20 жылдан кейін зейнеткерлер қарттық өмірдің қамтамасыз етілгеніне сенімді болуы үшін болашақта кездесуі мүмкін қиындықтың барлығын бүгіннен шешу керек.
«Мен бұл заң жобасын қолдаймын. Өйткені, 15-20 жылдан кейін зейнеткерлеріміз қарттық өмірдің қамтамасыз етілгеніне сенімді болуы үшін біз болашақта кездеседі-ау деген қиындықтың бәрін бүгін шешуіміз керек. Бірақ, ол үшін Үкімет бүгін, осы заң жобасын қабылдағанда біздің азаматтарымыздың, әсіресе әйелдеріміздің әлеуметтік жағынан қорғалатынына, яғни жұмыспен де, зейнетақымен де қамтылатынына кепілдік беруге тиіс», - деп атап өтті депутат.