Ж.Айтжанова ҚР-дың Швейцариядағы елшісі болып тағайындалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Жанар Сейдахметқызы Айтжанова Қазақстан Республикасының Швейцария Конфедерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Женева қаласындағы (Швейцария) Біріккен Ұлттар Ұйымының бөлімшесі мен басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Экономикалық интеграция істері министрі қызметінен босатылды.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.