Ж.Досқалиевке жалған диагноз қойған Ұлттық ғылыми медициналық орталық дәрігерлерінің үстінен қылмыстық іс қозғалды - Қаржы полициясы

АСТАНА. Қазанның 4-і. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиевке жалған диагноз қойған Ұлттық ғылыми медициналық орталық дәрігерлерінің үстінен қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы бүгін ҚР Экономикалық және сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігі Тергеу департаментінің бастығы Нұрлан Ауғанбаев мәлім етті.
None
None

Оның атап өтуінше, қызметтік өкілеттіктерін пайдаланып, Қаржы полициясының тергеу амалдарына кедергі келтірген дәрігерлердің үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 339-шы бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Аталған іске қатысы бар барлық лауазымды тұлғалардың іс-әрекетіне құқықтық баға берілетін болады.

"ҚР Қылмыстық кодекстің 339-шы бабына сәйкес, олар 3 жылға дейін бас бостандықтарынан айрылуы мүмкін", деді ол өз сөзінде.

Соңғы жаңалықтар