Ж.Нұркенов Ақмола облысы әкімі аппаратының басшысы болып тағайындалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Облыс әкімі Сергей Кулагиннің өкімімен , ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша Жомарт Жұмағалиұлы Нұркенов ротация шеңберінде Ақмола облысы әкімі аппаратының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Ж.Нұркенов Ақмола облысы әкімі аппаратының басшысы болып тағайындалды

Жомарт Жұмағалиұлы 1974 жылы туған, білімі жоғары, Ақмола аграрлық университетін мал дәрігері мамандығы бойынша, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін экономика бакалавры мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1996 жылы «Константиновский» ӨК мал дәрігері болып  бастады. 1998 жылғы қарашадан бастап Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Целиноград аудандық аумақтық басқармасында басшы лауазымдарды атқарды.
2002 жылғы сәуірде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ақмола облыстық аумақтық басқармасының бөлім бастығы лауазымына ауысты. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ақмола облыстық аумақтық басқармасы бастығының орынбасары, бастығы лауазымдарын атқарды.
2012 жылғы ақпаннан бастап 2013 жылғы маусым аралығында Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы қызметінде болды.
2013 жылғы маусымнан Атбасар ауданының әкімі, 2014 жылғы маусымнан - Аршалы ауданының әкімі лауазымдарын атқарды.