Ж. Оңдапбергенова АҚШ-тың бесжылдық визасын иеленген алғашқы қазақстандық атанды

АЛМАТЫ. 1 тамыз. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыдағы АҚШ консулдығы Қазақстан азаматтарына бірінші рет өз елінің бесжылдық визаларын бере бастады.

Ж. Оңдапбергенова АҚШ-тың бесжылдық визасын иеленген алғашқы қазақстандық атанды

Бұл құрметке «Теңізшевройл» компаниясында жұмыс жасайтын Жәмила Оңдапбергенова ие болды.

«Хьюстонда оқитын қызыма бару үшін бүгін таңғы 8-де АҚШ консулдығына құжат тапсырған едім. Маған бесжылдық АҚШ визасына ие болған алғашқы қазақстандық болдыңыз деп айтты. Егер виза беруден бас тартса қайтемін деп, түні бойы алаңдап ұйықтай алмай шыққан едім. Қазір кеудемді қуаныш сезімі кернеп тұр. Енді еш алаңсыз қызыма қалаған кезде бара аламын», - дейді Ж.Оңдапбергенова. Бұл АҚШ-қа екінші сапары болмақ. Бесжылдық виза үшін 160 доллар төлеген. Консулдықтағы қызметкерлердің сөзіне қарағанда, ол бұл мүмкіндік арқылы 700 долларын үнемдейді екен.