Ж.Түймебаев жоғары оқу орындарының 200 үздік оқытушысына мемлекеттік гранттарды табыс етті

АСТАНА. Наурыздың 2-сі. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - Бүгін Астанадағы Қазақ гуманитарлық заң университетінде ҚР Білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаев «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» байқауының жеңімпаздарына мемлекеттік гранттарды салтанатты түрде табыс етті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Қазақстанда үздік оқытушыны таңдап, Елбасының арнайы гранттарын табыс ету 2005 жылдан бастап дәстүрге айналды. Мемлекет басшысының қойып отырған жалғыз талабы ? сапалы білім. Бүгін ЖОО-дағы білім сапасын халықаралық стандарттарға сәйкестендіру шаралары қолға алынып жатыр. Оның алғашқы қадамы ретінде ? Болон үрдісіне 18 университет қол қойды. Тағы екі ЖОО Халықаралық аккредиттеу орталығының атағына ие болды. Сондай-ақ өткен жылы елімізге 100-ден астам шетелдік жоғары оқу орындарының өкілдері шақырылып, олармен екі жақты ынтымақтастық жөнінде келісімдер жасалды. Қазір екі диплом беру үрдісі бойынша жұмыстар басталып кетті», - деді министр. Байқауға 95 ЖОО-дан 955 үміткер қатысты. Оның 306-сы ? ғылым докторы, 4-уі ? PhD докторы, 602-сі ? ғылым кандидаты, 12-сі ? магистр және 31-і ? ғылыми дәрежесіз. ҚР Білім және ғылым министрлігі жанында құрылған республикалық конкурстық комиссияның 2009 жылғы ақпанның 11-індегі шешімімен 61 ЖОО-ның 200 оқытушы үздік деп танылды. Бүгін олардың әрқайсысы 2,5 миллион теңге көлемінде сыйақы алды. Бүгінде Республикада 40 мыңға жуық оқытушы қызмет жасайтын 140-тан астам жоғары оқу орны бар.
Соңғы жаңалықтар