22:07, 19 Ақпан 2009 | GMT +5
Жаһандық жылынудың салдарынан 50 жылдан кейін Ресейде апельсин өсетін болады
МӘСКЕУ. Ақпанның 19-ы. ҚазАқпарат – Ресей ғалымдары елдер үшін жаһандық жылынудың салдарларына болжам жасады. 50 жылдан кейін біздің оңтүстіктегі аймақтарымызда – апельсиндер, ал солтүстік аудандарда – жүгері өсіруге болады.
Кеше Росгидромет пен Ресей ҒА ұсынған Ресей Федерациясының аумағындағы климаттың өзгеруі және олардың салдарлары туралы алғашқы бағалау баяндамасында осындай қорытындылар орын алған, деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро.ру сайтына сілтеме жасап.Баяндамаға сәйкес әлемде соңғы 25 жылда температураның айтарлықтай жоғарылауы байқалады. Климаттың өзгеруінің салдарларын қазірдің өзінде байқауға болады: бұлар бүкіл әлем бойынша туындап отырған қатты құрғақшылықтар, орман өрттері, су тасқындары. Алайда Ресейде басқа елдерге қарағанда айтарлықтай жылына түскенін атайды ғалымдар. Елдің азиялық және еуропалық бөліктерінде температура он жыл ішінде 0,5 ? 0,6 градус жылдамдықпен көтерілді.