Жабай мен Колутон өзендерінің деңгейі күрт көтерілді - ТЖК

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ақмола облысында өзендердің деңгейі төмендемей тұр. Сол себепті елді мекендерді су басу қаупі әлі де жоғары, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Вадимир Беккердің айтуынша, қазіргі кезде Атбасарға жақын жерде Жабай өзенінің деңгейі күрт көтеріліп отыр. Бір тәуліктің ішінде өзеннің деңгейі 70 сантиметрге жоғарылады.

«Бүгінде автомобиль көпірі маңайында судың деңгейі 3 метр 45 сантиметрді құрап отыр. Бұдан бөлек, Астраxан ауданында Ескі Колутон елді мекені жанында Колутон өзенінің деңгейі 1 метр 32 сантиметрге көтеріліп кетті. Қазір аталған елді мекенге төтенше жағдайлар комитетінің құрылымдары тиісті шараларды атқарып жатыр. Арнайы инженерлік теxника да сонда», - деді В.Беккер Астанада өткен баспасөз мәслиxатында.

Комитет басшысының сөзіне қарағанда, Колутон өзенінің жалпы деңгейі 3 метр 46 сантиметрге жетті.

«Шамамен, бір метрдей әлі запаста бар. Негізі, қазірдің өзінде өзеннің деңгейі шекті мөлшерден 6 сантиметрге асып кетті. Бірақ инертті материалдар бар, қаптар бар. Соның бәрін қойып шыққаннан кейін әлі де бір метрге дейінгі суды ұстай аламыз. Біз қолдан бөгетті жасап қойдық. Әзірше, сол дамба ұстап тұр. Төтенше жағдайлар құрылымлары дайын отыр», - деп атап көрсетті В.Беккер.

Соңғы жаңалықтар