Жәбірленушілерге өтемақы қоры қалай жұмыс істейді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында «Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы» ҚР Заңы қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

«Өтемақы төленетін жәбірленушілердің үш санаты айқындалады. Заң жобасымен өтемақыны тағайындау және  төлеу тәртібі айқындалған. Қылмыстық қудалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік органдар жәбірленушіге өтемақыны алу құқықтарын түсіндіреді және одан өтініш қабылдайды. Өтемақы мөлшерін тағайындайды және алушылардың тізілімін жасайды, кейіннен оны қазынашылыққа жібереді. Соңында өтемақы төлемі алушылардың банктік шоттарына аударылады», - деді заң жобасын таныстырған ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов.

Оның айтуныша, «Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы заң жобасының негізінде заңнамалық акілерге де ілеспе жобалар арқылы түзетулер енгізу ұсынылады.

«Атап айтқанда, Бюджет кодексінде қорды қолма қол ақшаны бақылау шоты ретінде регламенттейтін және қорды қалыптастыру көздерін  айқындайтын түзетулер ұсынылып отыр. Қылмыстық кодекске  жәбірленушілерге өтемақы қорынан өндіріп алынатын мәжбүрлі төлемнің құқықтық негіздерін регламенттейтін, сондай-ақ оны өндіріп алу тәртібі мен мөлшерлерін белгілейтін түзетулер енгізіледі. Қылмыстық процестік кодекске өтемақы алуға жәбірленушілердің құқықтарын, сонымен қатар осы төлемдерді төлеу тәртібі мен оның мөлшерлерін белгілеуді регламентейтін түзетулер енгізіліп отыр», - деді Сұлтанов.

Соңғы жаңалықтар