Жәбірленушілерге өтемақы төлеу жөніндегі құқықтық нормалар бір жүйеге келтірілмек

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Жәбірленушілерге зиянды өтеу қоры қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бірінші оқылымда мақұлданды.
None
None

«Заң жобасында «Жәбірленушілерге зиянды өтеу қоры туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасымен үйлестіру бөлігінде Бюджет және Қылмыстық-процестік кодекстеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделген. Бюджет кодексіне бірқатар түзетулер енгізу ескерілген. Қордың жұмыс тетігін Қазынашылықта бақылау шотын ашу арқылы іске асыру ұсынылады. Бұл Қорды ұстауға қосымша шығыс шығармауға мүмкіндік береді. Қазынашылық жүйесінде ашылған мемлекеттік мекемелер, квазимемлекеттік сектор субъектілер, Ұлттық қор мен басқа да қазір жұмыс істейтін 9 бақылау шоты уақытылы түсімдерді есепке алуға және төлемдерді жүргізуге мүмкіндік береді. «Жәбірленушілерге зиянды өтеу қоры туралы» Заң жобасында Қорға түсетін түсімдердің көздері қарастырылған, сондықтан Қазынашылықта атқарылуы үшін бұл нормалар Бюджет кодексінде де көзделеді», - деді Қаржы министрі Б. Сұлтанов аталған заң жобасы бойынша баяндамасында.

Оның сөзіне қарағанда, жәбірленушілерге төлемдерді тұрақты төлеп тұру үшін шотқа инкассолық өкімдер қоюды және қаражатты бюджетке алып қоюды немесе аударуды шектейтін нормалар енгізіледі.

«Қылмыстық-процестік кодекске келтірілген зиян үшін ең аз ақшалай өтемақы алуға жәбірленушінің  құқықтарын түсіндіру бөлігінде түзетулер енгізу ұсынылады. Сол сияқты бұрын төленген өтемақы сомасын Қордың пайдасына қайтару жөнінде айыпталушыға регресстік талап қоюды сот үкіміне міндетті түрде енгізу туралы норма көзделіп отыр. Заң жобасын қабылдау қылмыстық құқық бұзушылықтардан жәбірленушілерге ақшалай өтемақы төлеу жөніндегі құқықтық нормаларды заңнамалық бір жүйеге келтіруге мүмкіндік береді»,-деді министр. 

Соңғы жаңалықтар