Жәбірленушілерге зиянды өтеу қорында өтемақының мөлшерлері белгіленуде

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында «Жәбірленушілерге зиянды өтеу қоры туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бірінші оқылымда мақұлданды.
None
None

«Заң жобасы қылмыстық құқық бұзушылықтардан жәбірленушілердің жекелеген санаттарына ақшалай өтемақыны төлеу үшін құқықтық негіздерді айқындайды. Аталған санаттар Қылмыстық кодекстің 62-бабында көзделген.  Заң жобасымен ақшалай өтемақының мөлшерлері белгіленуде, бұл құқық қорғау органдары тиісті іс-шараларды өткізгенше жәбірленушілерге бастапқы кезде ең аз қолдау болып табылады. Бұл өтемақыны прокуратура органдары кейіннен кінәлі тұлғадан алуы тиіс.Одан әрі кінәлі тұлғаның жәбірленушіге келтірген зиянды өтеуі сот тәртібінде жүзеге асырылады, яғни қолданыстағы тәртіп өзгермейді», - деді заң жобасы бойынша баяндама жасаған ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов.

Оның сөзіне қарағанда, төлем құралы Жәбірленушілерге зиянды өтеу қоры болып табылады. Оны құру қолданыстағы Қылмыстық-процесстік кодексте көзделген. Қордың жұмыс тетігі Қазынашылықтағы бақылау шоты арқылы іске асырылады.

«Төлемдерді бақылауды қолданып жүрген тәжірибе бойынша Қазынашылық жүргізетін болады. Заң жобасына сәйкес, Қордың мынадай төрт қаражат көзі бар, яғни сот салатын тіркелген төлемдер; процесстік міндеттерді орындамағаны үшін ақшалай өндіріп алу;  түзеу жұмыстары бойынша түсімдер мен кінәлі тұлғадан өтемақыны регрестік қайтарып алу. Жәбірленушілердің үш санаты айқындалған. Бұл сексуалдық зорлық-зомбылық құрбандары болып табылатын кәмелетке толмағандарға, адам саудасы және азаптаулар құрбандары, екінші санат - денсаулығына ауыр зиян келтірілгендерге не адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтырғандар қамтылған. Үшінші  санат бойынша қылмыстық құқық бұзушылық салдарынан жәбірленуші қайтыс болған жағдайда оның құқықтық мирасқоры анықталған»,-деді министр.

Өтемақының мөлшерлері заң жобасында айқындалған. Сонымен қатар заң жобасымен Қордан төлемдерді төлеу тәртібі көзделген. Құқық қорғау органдары жәбірленушіге құқықтарын түсіндіреді және одан өтініш қабылдайды, өтемақы тағайындайды және алушылардың Тізілімін Қазынашылыққа жібереді. Жәбірленушілерге өтемақыны алушылардың банктік шотына Қазынашылық төлейді. Қордың тұрақты жұмыс істеуі үшін арнайы ережелер көзделген.

Соңғы жаңалықтар