Жабық кешендегі Азия чемпионаты: Ерлер арасындағы жарыстар кестесі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Иран астанасы Тегерандағы Aftab Enghelab Complex кешенінде өтетін Азия чемпионатандағы ерлердің жарыс кестесі белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Жеңіл атлетика федерациясының сайтына сілтеме жасап.

Жабық кешендегі Азия чемпионаты: Ерлер арасындағы жарыстар кестесі

Құрлық біріншілігі 1-3 ақпанда өтеді. Осымен сегінші рет ұйымдастырылып отырған жабық кешендегі Азия чемпионатының ерлер арасындағы күнтізбесі мынандай:

1 ақпан (бейсенбі)

17:10. 60 метрге жүгіру, іріктеу кезеңі. Владислав Григорьев, Виталий Земс

18:00. Биіктікке секіру, финал. Роман Лошкарев

18:30. 400 метрге жүгіру, іріктеу. Михаил Литвин, Дмитрий Коблов

19:00. 800 метрге жүгіру іріктеу. Игорь Кондратьев, Сергей Зайков

20:10. 60 метрге жүгіру, финал.

2 ақпан (жұма)

18:00. 60 метрге тосқауылдар арқылы жүгіру, іріктеу. Вячеслав Земс
18:15. Ядро серпу, финал. Иван Иванов
18:30. 400 метрге жүгіру, финал
18:45. 800 метрге жүгіру, финал
19:30. Сырықпен секіру, финал. Никита Филиппов, Даниил Полянский

20:00. 4х400 метрлік эстафета, іріктеу. Михаил Литвин, Дмитрий Коблов, Игорь Кондратьев, Сергей Зайков, Андрей Соколов, Владислав Григорьев

3 ақпан (сенбі)

18:00. 60 метрге тосқауылдар арқылы жүгіру, финал.
20:10. 4х400 метрлік эстафета, финал.

Жарыстардың уақыты Тегерандағы жергілікті сағатпен көрсетілген. Иранның уақыт белдеуі Астанадан екі жарым сағатқа кем.

Азия чемпионатында ерлер арасындағы жарыстар 13 сайыс түрі бойынша өткізіледі. Қазақстаның атлеттері оның ішінде сегізінен жарысқа түседі. Жалпы, 12 жігіт ел намысын қорғайды.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін әйелдер арасында өтетін сайыстар кестесін жариялаған болатынбыз.