Жағаға шығып қалған кит құтқарылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Өткен демалыста "Зеленый Сахалин" табиғатты қорғау қорының белсенділері кішкентай теңбіл бауырлы китке Сахалин оңтүстігіндегі Татар бұғазының таяз суынан шығуға жәрдемдесті.
«Жергілікті балықшылар бізге хабарласып, Холмск ауданы Правда ауылы маңында ұзындығы 7 метр, салмағы 5-6 тонна болатын алып киттің қайраңға шығып қалғанын айтты. Олар терең суға жіберуге тырысқан, алайда жануар қарсылық танытқан», - деді "Интерфакс" агенттігіне қор жетекшісі Александр Иванов.
Белсенділер китті қарап шығып, еш зақым таппады.
Мұндай жануарларды бұдан да бұрын бірнеше рет құтқарған Иванов гидрокостюм киіп, китке жүзіп барды және екі сағат бойы оны сабырға шақырып, тереңдікке ертіп әкетті.
«Бірақ, тереңдікке өткен кит қайтадан айлаққа келді және ешқайда кеткісі келмейді. Қазір де жағалауға жақын жерде және қауіпсіз тереңдікте (теңіз тереңдігі 4-5 метр). Біз оны бақылаудамыз», - деді Иванов.