10:51, 27 Ақпан 2018 | GMT +5
«Жағалауда» медициналық пункт ашылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елорданың «Жағалау» шағын ауданында медициналық пункт ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
№9 қалалық емхана жанынан бүгіннен бастап ашылған медициналық пункт жалпы аумағы 80 шаршы метрді құрайтын 4 бөлмелі үй-жайда орналасқан. Онда 15 адам жұмыс істейді.
№9 қалалық емхананың бас дәрігері Айгүл Жақсылықованың айтуынша, пунк «Жағалау» шағын ауданының шамамен 8 мың тұрғынын қамтиды. Медициналық қызметтерді жұмыс күндері таңертеңгі 8:00-ден кешкі 20:00-ге дейін алуға болады.