01:00, 22 Шілде 2018 | GMT +6
Жағажай футболынан ҚР құрамасы Грекияны тас-талқан етті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәскеуде жағажай футболынан Еуролиганың екінші ойынында Қазақстан құрамасы Грекияның қақпасына жауапсыз төрт гол соқты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ҚР Футбол федерациясынан мәлім еткендей, Ерлан Жамантаев шәкірттері топтық кезеңдегі екінші кездесуде Грекияны 4:0 есебімен жеңді. Ойында гол соққан футболшылар - Дмитрий Перевертов, Игорь Демешко, Виталий Тюльпа және Баянбек Мұралинов.
Айта кетейік, жағажай футболынан Еуролиганың бірінші ойынында қазақстандықтар Молдова құрамасын 7:6 есебімен ұтқан еді.
Қазақстан құрамасы: Чорный (к), Гаврилов, Демешко, Скударнов, Мұралинов, Перевертов, Чапанов, Тюльпа, Мақажанов, Макагон.
Спортшыларымыз топтық кезеңдегі соңғы ойынын ертең, 22 шілде күні Литва құрамасына қарсы өткізеді.