Жағажай үстіне ұшақ құлады

АСТАНА. 12 шілде. ҚазАқпарат - Батыс Австралияның жағажайына екі моторлы жүк ұшағы құлады. Соның салдарынан ұшқыш қаза тапты.

Жағажай үстіне ұшақ құлады

Бұл туралы жергілікті БАҚ хабарлайды.

  Әуе кемесі Брум қаласындағы әуежайдан ұшқан соң көп ұзамай апатқа ұшырады. Әуе апаты болған жерге жақын маңда австралиялық камералық оркестрдің концерті өтіп жатқан болатын. Оны тамашалауға бір жарым мыңға жуық адам келген еді.