Жағажай волейболы: Таиландта қазақстандық жұп «күміс» алды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Таиландтың Сатун қаласында өткен жағажай волейболынан әлемдік лига кезеңінде қазақстандық жұп күміс жүлдені жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ҚР ҰОК-нің баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазақстандық жұп Татьяна Машкова мен Ирина Цимбалова жарыс қорытындысы бойынша екінші орын алды. Финалда отандастарымыз америкалық Кэйтлин Лидо мен Эмили Стокман жұбынан жеңіліп қалды.
Жағажай волейболдан Әлемдік лигасының кезеңі, Сатун, Таиланд
D тобы
Машкова/Цимбалова (Қазақстан) - Нагата/Кумада (Жапония) - 2:1 (21:19, 21:23, 15:7)
Машкова/Цимбалова (Қазақстан) - Намвонг/Хонгпак (Таиланд) - 2:1 (18:21, 21:11, 15:4)
1/4 финал
Машкова/Цимбалова (Қазақстан) - Поллок/Дауди (АҚШ) - 2:0 (21:18, 21:17)
1/2 финал
Машкова/Цимбалова (Қазақстан) - Намвонг/Хонгпак (Таиланд) - 2:1 (19:21, 21:18, 17:15)
Финал
Машкова/Цимбалова (Қазақстан) - Стокман/Лидо (АҚШ) - 1:2 (21:19, 16:21, 8:15)
фото:rossoshru.ru