Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Жағажай волейболы: Таиландта қазақстандық жұп жүлде алды

НҰР-Сұлтан. ҚазАқпарат - Дмитрий Яковлев пен Сергей Богату жұбы жағажай волейболынан биылғы маусымдағы алғашқы жүлдесін иеленді. Олар Таиландта өтіп жатқан әлемдік серия аясындағы жарыста қола медаль тағынды деп хабарлайды Olympic.kz.

Жағажай волейболы: Таиландта қазақстандық жұп жүлде алды

Қола медаль үшін өткен тартысты кездесуде қазақстандықтар жарыс қожайыны, тайландтық жұпты 2:1 есебімен жеңді.

Еске сала кетейік, жартылай финалда Яковлев/Богату жұбы украиналық қарсыластарынан ұтылған болатын.