Жағажай волейболынан Әлем чемпионаты басталды
Оған ерлер арасында да, әйелдер арасында да 48 командадан қатысуда. Жалпы бұл байрақты бәсекеге Қазақстан биыл тұңғыш рет өз спортшыларын қосып отыр. Ал бұған дейін Гран-При турнирлерінде сәтті өнер көрсетіп, қажетті ұпай қорын жинай алған жігіттер ғана бақ сынап келген болатын.
Осынау Әлем чемпионатының топтық кезеңінде Алексей Сидоренко мен Александр Дьяченко жұбы Германия, Ресей және Польша спортшыларымен «L» тобында, Дмитрий Яковлев пен Алексей Кулешов Бразилия, Австрия, Чехия спортшыларымен «K» тобына топтасты. Ал Татьяна Машкова мен Ирина Цимбалова Голландия, АҚШ және Парагвай спортшыларымен бірге «D» тобында өнер көрсетпек. Онда ерлер арасында да, әйелдер арасында да 48 команда 12 топқа жіктеліп отыр. Бір айналымдық турнирде 1/16 финалға шығатын үздік 32 команда анықталады. Оның 24-і өз тобында 1-2 орын алғандар болса, 8-і үздік көрсеткіші бойынша 3-ші орын алғандар арасынан іріктеледі. Ал Әлем чемпионатының жеңімпазы мен жүлдегерлерлерінің есімі 7 шілдедегі ақтық ойында белгілі болады.