Жағажай волейболынан Әлем чемпионатында әйелдер арасындағы қазақстандық жұп 1/16 финалға шықты
1/16 финалға шыққан 32 команда анықталды. Оның ішінде қазақстандық Татьяна Машкова мен Ирина Цимбалова да бар. Топтық сында Нидерланды, АҚШ, Парагвай командаларымен бірге «Д» тобында бақ сынаған олар 4 ұпаймен үшінші орын алған болатын. 1-2 орындарды бөліскен Нидерланды мен АҚШ спортшылары 1/16 финалға бірден жолдама алса, қазақстандықтар оған 3-ші орын алған 12 команданың арасынан ұпай көрсеткіші бойынша мүмкіндікке ие 8 команданың қатарына кіру арқылы қол жеткізді. Бүгін кешке олар 1/8 финалдық жолдама үшін Финляндия спортшыларымен күш сынасатын болады. «В» тобының жеңімпазы болған әпкелі-сіңлілі Эмили мен Эрика топтық сында Азия чемпионы саналатын Қытай спортшылары мен Лондон олимпиадасында 4-ші орын алған словак қыздарын қапы қалдырған болатын.