18:14, 02 Шілде 2012 | GMT +5
Жағажай волейболынан әйелдер арасындағы Құрлықаралық кубокта қазақстандықтар өз тобында 4-орын алды
АЛМАТЫ. 2 шілде. ҚазАқпарат - Мәскеуде 28 маусым мен 1 шілде аралығында жағажай волейболынан әйелдер арасындағы Құрлықаралық кубок жарысы өтті.

Олимпиада ойындарының 2 жолдамасын ақтық сында Қытай мен Италия құрамаларынан 2:0 есебімен басым түскен Ресей мен Нидерланды спортшылары жеңіп алды. Ал өз тобында Нидерланды, Мексика, Ресейге 0:2 боп ұтылып, Венесуэланы 2:1, Мозамбикті 2:0 етіп ұтқан қазақстандықтар 4-орынды қанағат тұтты. Ел намысын бұл дүбірлі додада бұған дейін Құрлықтық кубокта үздік үштіктің қатпарына енген Татьяна Машкова мен Ирина Цымбалова, Бақытгүл Самалықова мен Любовь Богату қорғаған болатын. Бұл байрақты бәсекеге өз құрлықтарында үздіктер қатарынан көрінген 11 елдің құрамасы қатысқан болатын. Онда екінші топта Италия, Қытай, Швейцария, Уругвай мен Кения спортшылары өнер көрсетті.