Жағажай волейболынан ел чемпионатының ақтық сынында ұлттық құрама көшбасшылары өздерінің үздік екенін тағы да дәлелдеді

АЛМАТЫ. 16 қыркүйек. ҚазАқпарат - Талдықорғанда 13-15 қыркүйек күндері жағажай волейболынан XVII Қазақстан чемпионатының ақтық сыны өтті.

Жағажай волейболынан ел чемпионатының ақтық сынында ұлттық құрама көшбасшылары өздерінің үздік екенін тағы да дәлелдеді

Оған Астана, Алматы, Ақтау, Талдықорған және Шымкент қалаларынан 12 команда қатысты. Бұл жарыста әйелдер арасында Талдықорғанның «Жетісу» (Татьяна Машкова/ Ирина Цимбалова), ерлер арасында Алматының «Ұшқын-Искра-1» (Александр Дьяченко/Алексей Сидоренко) жеңімпаз атанды. 2-3 орынды әйелдер арасында Ақтаудың «Каспий-1» (Бақтыгүл Самалықова/Александра Варасова), «Каспий-3» (Анастасия Туктарева/Екатерина Ласюта), ерлер арасында Алматының «ШВСМ-ҚазНУ-1»(Владислав Пустынников/Сергей Богату) мен Ақтаудың «Каспий-1» (Алексей Кулешов/Александр Бабичев) командалары иеленді.

Бұған дейін 24 мамырда Ақтауда өз жалауын көтерген ел чемпионатында әйелдер арасында - 9, ерлер арасында - 15 команда бақ сынаған еді. ОндаАқтаудың «Каспий-1» (Александра Варасова/Анастасия Туктарева) мен Алматының «Ұшқын-1» (Сергей Шиндов/Алексей Сидоренко) спортшылары жеңімпаз атанды. 14-16 маусымда Алматыда өткен 2-турда «Каспий-1» (Александра Варасова/Анастасия Туктарева) 15 команданың арасынан үздік шықты. Ал алматылық «КазНУ-Динамо-1» (Владислав Пустынников/СергейБогату) 22 команданың арасынан топ жарған еді. 26-28 шілдеде Шығыс Қазақстан облысындаығы Бұқтырмада болған 3-турда «Каспий-1» (Бақтыгүл Самалықова/Любовь Богату) 14 командың арасынан, «ШВСМ КазНУ-2» (Кирилл Гурин/Виктор Пестов) 21 команданың арасынан қара үзіп шыққан болатын.