14:42, 03 Шілде 2013 | GMT +5
Жағажай волейболынан ел құрамасының үздіктері Әлем чемпионатының 2-ші күнін сәтті өткізді
АЛМАТЫ. 3 шілде. ҚазАқпарат - Жағажай волейболынан Польшаның Старе-Яблонки қаласында өтіп жатқан Әлем чемпионатында кеше Қазақстан құрамасының үздіктері әйелдер арасында да,
ерлер арасында қарсыластарын қапы қалдырды. Атап айтқанда 1 шілдедегі алғашқы ойында американдықтарға есе жіберген Татьяна Машкова мен Ирина Цимбалова Парагвай спортшыларынан 2:1 (14-21, 21-16, 15-12) есебімен басым түсті. Ал алғашқы ойынын өткізген Алексей Сидоренко мен Александр Дьяченко ресейліктерді 2:0 (2:0 (23-21, 21-19) есебімен ұтты. Алайда олардың командалас серіктері Дмитрий Яковлев пен Алексей Кулешов бразилиялықтардан дәл осындай есеппен жеңіліп қалды.