Жағажай волейболынан Қазақстан кубогы үшін жарыс аяқталды

АЛМАТЫ. 26 шілде. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Шілденің 22-24 күндері Шығыс Қазақстан облысындағы "Көгілдір шығанақ" демалыс үйінде жағажай волейболынан ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан кубогы жарысы өтті.

Жағажай волейболынан  Қазақстан кубогы үшін жарыс аяқталды

Оған ерлер арасында - 16, әйелдер арасында - 7 команда қатысқан болатын. Жарыс қорытындысында әйелдер арасында "ШВСМ" командасы (Ирина Цимбалова/Татьяна Машкова) кубок иегері атанды. "Каспий 1" (Марина Пилипенко/Бақтыгүл Самаликова) және "Каспий 2" (Любовь Богату/Оксана Пилипенко) командалары 2-3 орынды өзара бөлісті. Ерлер арасындағы сайыста «Искра 1» (Алексей Сидоренко/Дмитрий Яковлев) командасы жеңімпаз атанды. Ал «Каспий 1» (Александр Бабичев/Алексей Кулешов) мен «Каспий 2» (Денис Ровкин/Сергей Шиндов) 2-3 орынға табан тіреді.